Жаңалықтар

Саясат Нұрбек литвалық компания өкілімен ұшқыштарды оқыту мәселесін талқылады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі мәлім етті
Саясат Нұрбек литвалық компания өкілімен ұшқыштарды оқыту мәселесін талқылады
Фото: gov.kz 09.11.2022 21:14 1311

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «AVIA Solutions Group» холдингінің өкілі Вигаудас Ушацкаспен кездесті. Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz

«AVIA Solutions Group» холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі Вигаудас Ушацкас ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «AVIA Solutions Group» көп сервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құруды ұсынды. Сондай-ақ, тараптар Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшқыштарды даярлау жөніндегі сертификатын алуға Азаматтық авиация академиясын дайындау мәселелерін талқылады.

Министр Саясат Нұрбек жоғары білім беруді дамыту, оның ішінде қазақстандық авиация үшін ұшқыштар мен инженерлерді сапалы даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«ICAO мен EASA заманауи талаптары бойынша білікті ұшқыштарды даярлау жоғары оқу орындары үшін басты міндет саналады. Заманауи әуе тренажерларында дағдыларды жетілдіру олардың дайындығын жақсартады. Азаматтық авиация академиясына жетекшілік ететін министрлік ретінде біз AVIA Solutions Group ұсыныстарын қолдаймыз», – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, Avia Solution Group – бүкіл әлем бойынша 100-ге жуық кеңселері мен өндіріс орындары бар жаһандық аэроғарыштық компания.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға