Жаңалықтар

Сауытбек Абдрахманов: Біздің келісіміміз, достық пен өзара түсіністігіміз – біз «тыныс алып» отырған өмір

Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты - ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездесті.
Сауытбек Абдрахманов: Біздің келісіміміз, достық пен өзара түсіністігіміз – біз «тыныс алып» отырған өмір
05.02.2019 05:31 2220

Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты - ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездесті.

Кездесуге Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, Астана қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұралы Айдашев, этномәдени орталықтардың төрағалары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабы мүшелері, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері және дін өкілдері қатысты.

Жиынның басында Астана қаласында орын алған қайғылы оқиғада шейіт болған бес баланың қазасына құран бағышталды. Осы орайда Яхияхаджи қажы Исмаилов Діни басқармасы қазалы отбасыға он үш миллион көлемінде көмек көрсеткенін айтты.    

Кездесу барысында Сауытбек Абдрахманов ҚХА депутаттық тобының қызметі жөнінде түсінік бере отырып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тоқталып өтті.

«2018 жылдың қазан айында Ботай жерінде болып, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы энеолит дәуіріндегі мәдениет ескерткішін көрдім. Төрт мың жыл бұрын ол жерде алғаш рет жылқы қолға үйретілген – бұл бүкіләлемдік қауымдастық мойындаған ғылыми дәлелденген факт. Ұзақ жылдар бойы жылқының қайда үйретілгені туралы даулар болды. Қазір бұл мәселеге нүкте қойылған. Өткен жылы мен Парижде болғанда, Эйфель мұнарасының жанындағы Адам мұражайына бардым. Ол жердегі дөңгелек залда адамзаттың он ұлы жаңалығы орналасқан екен, соның ішінде жылқының доместикациясы (үйсіну) болды. Француз тілінде мынадай сөздер жазылған: Ботай мәдениеті Орталық Азия оазисі географиялық қиылысында орналасқан. Дәл осы жерде б.з. б. төрт мыңжылдықта адам алғаш рет жылқыны үйретті.

Францияның Париж орталығында жылқының доместикациясы алғаш рет Қазақстан даласында орын алған фактіні жалпы әлемдік мойындау бар.

Бұл адамзат тарихының бүкіл революциясын білдіреді.

Мыңдаған жыл бұрын доместикация басталды, ол тек жануарларға ғана емес, өсімдіктерге да қатысты. Бүгінгі таңда өсімдіктердің қырыққа жуық түрі адамзаттың азық-түлікке деген сұранысын толық қанағаттандырады. Оның ішінде сегіз түрі азық-түліктің алпыс алты пайызын құрайды (бидай, күріш және т.б.).

Доместикациядан кейін өмір мүлдем өзгерді. Осыдан кейін алғаш рет адамдарда артық азық-түлік пайда болды, бұл қоғамның әлеуметтік бөлінуіне алып келді. Басшылар мен бағыныштылар пайда болды» – деді депутат.

Сондай-ақ Сауытбек Абдрахманов 2017 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарымен Мәскеуге барған сапары туралы айтып өтті: «Бізді Мемлекеттік Думада және Ресей Президенті Әкімшілігінде қабылдады. Бізге Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл Назарбаевтың жаңалығы болып табылады және Ресей халықтарының Ассамблеясы Қазақстанның идеясынан туындағанын айтты.

Біздің келісіміміз, достық пен өзара түсіністігіміз – біз «тыныс алып» отырған өмір.

Парламенттің әр фракцияларының депутаттары бейбітшілік пен келісімсіз, өзара түсініксіз ешқандай реформаларды толық көлемде жүзеге асыра алмайтынын түсінеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы үш жылдан бері жұмысын атқарып келеді. Депутаттық топ 2016 жылдың сәуір айында құрылды.

2017 жылдың 4 қыркүйегінде ІІІ сессияның ашылуында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы былай деген еді: қоғамдық сананы жаңғырту этносаралық қатынастарды реттеумен байланысты болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет» - дей келе, қатысушылардың әрқайсысына бейбітшілікті сақтауға қосып отырған үлесі үшін зор алғысын білдірді.

Еліміздің облыстарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін үлгі болып отырған және шамшырағына айналған астаналық Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығы меңгерушісі Ләззат Құсайынова жиынға қатысушылар алдында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

«Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясына қазіргі уақытта жиырма екі этномәдени орталық пен он екі этнолингвистикалық орталық бар. Этнолингвистикалық орталықтарда өскелең ұрпақ өз ұлтының тілі мен мәдениетін үйренеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясында Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі маңызды. Олар қаланың ірі бес ұйымдарында орналасқан: «Ақмола вагон жөндеу зауыты», «Ұлттық медициналық холдинг», «Цесна-астық концерн» акционерлік қоғамдары, «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Кеңестер ірі еңбек ұжымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқилы филиалына айналып, еңбек етушілердің әлеуметтік ауанына жағымды әсер етіп отыр. Сонымен бірге астаналық Ассамблея жанында Ғылыми-сараптамалық кеңесі мен Аналар кеңесі табысты жұмыс жүргізіп отыр, олар бізге Ассамблея инситутына жүктелген маңызды міндерттерді жүзеге асыруда көп көмек көрсетеді.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық қызметінің үйлестірушісі болып табылады. Қалада меценаттар клубы құрылып, тек 2018 жылдың өзінде бір жүз бес қайырымдылық іс-шаралары он сегіз мың төрт жүз алпыс мың адамның қатысуымен өткізілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы – он алты миллион алты жүз тоқсан төрт мың теңгені құрайды. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші болып қана табылмайды, сондай-ақ Ассамблея институтының қоғаммен өзара байланысының белсенді екенін куәландырады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтының дамытудағы үйлестірушісі болып табылады. Қалалық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің құрамында қазіргі уақытта этномәдени орталықтардан этникааралық саясат саласында жұмыс істейтін үш кәсіби медиатор мен сегіз қоғамдық медиатор тіркелген. Аталған институттың пәрменділігі және медиаторлардың табиғи коммуникативтік қасиеттері этникааралық даулар мен қала тұрғындарының өміріндегі өзекті мәселелерді шешуде нәтижелілігін көрсетті. Қалада медиация кабинеттері ұлғайып келеді. Бүгінгі күнге бесеуі бар, олар түрлі мемлекеттік ұйымдарда және білім беру ұйымдарында орналасқан. Біздің медиаторларды жиі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатыстырып, түрлі комиссия мен кеңестер құрамына енгізіп отыр.

Қалалық Ассамблея мен «Нұр Отан» қалалық партиясы арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында Ішкі істер департаментімен, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен, Ұлттық гвардиямен бірігіп жұмыс атқармақпыз. Өткен жылы аймақтық Ассамблеяларға үлгі стандарты ретінде астаналық Ассамблеяның даму бағдарламасын бекіткен болатынбыз. Мемлекет басшысы бұл тапсырманы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында тапсырған еді. Аталған бағдарлама елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталу механизмін жүргізеді.

Бағдарламаның бір тарауы Достық үйінің қызметіне арналған. Біз Достық үйін мықты идеялар мен жағымды істерді тартатын орынға айналдыруды мақсат етеміз. Сол үшін баршаңызды күш біріктіруге шақырамын.

Ұлтаралық бірлікті сақтауда этномәдени орталықтардың жастар қанаты өз тараптарынан үлкен үлес қосып отыр. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штабын құру – Елордалық Ассамблеяның даму бағдарламасына жасаған қадамы. Алдағы уақытта Достық үйінде барлық заманауи технологияларды қолдана отырып, коворкинг орталығын ашпақпыз. Бұл орталық біздің жастардың позитивті күш-қуаттарын жетілдіретін орынға айналатынына сенімдімін.

Сонымен бірге Достық үйінің базасында этномәдени орталықтар үшін мемлекеттік тілді үйрету орталығы мен қолөнер шығармашылығы орталығы құрылады. Бұл жерде үнемі тақырыптық көрмелер, жәрмеңкелер, археологиялық экспозиция өткізілетін болады. Мұның бәрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруда жарқын үлгі болмақ.

Біз барынша этномәдени орталықтардың құзіретін дамытуға тырысып отырмыз. Бүгінгі күнге жиырма бес шығармашылық ұжымдардың жетекшілері «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде жұмыс істеп отыр. Он екі жексенбілік мектептің отыз тоғыз педагогы қалалық бюджеттен айлық жалақы алады. Осы ақпараттар арқылы астаналық Ассамблея өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтыны туралы қорытынды жасауға болады.

Сөз соңында біз Елордалық Ассамблеяның мәртебесін жоғары деңгейде ұстауымыз қажет дегім келеді. Сол үшін бірігіп жұмыс істеп, жауапкершілікті күшейту керек» – деді Л. Құсайынова.

Сонымен қатар «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» ашық қоғамының төрағасы Башир Солсанов орталықта атқарылған жұмыстардың барысы туралы әңгімелеп, алдағы күндердегі жоспарларымен бөлісті.

«Вайнах» орталығының құрылғанына мамыр айында жиырма тоғыз жыл толады. Ұлттық мәдени құндылықтарды сақтап, оны дамыту жолында жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмді сіңіріп, еліне адал болуға тәрбиелейтін орталық барлық іс-шараларға белсене қатысады. Қазіргі уақытта «Вайнах» ансамблі жүзден астам балаға шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар салауатты өмір салтына байланысты спорт клубын құрған. Онда барлық ұлт өкілдерінің балалары спортпен шұғылданады.

Орталықтың тағы бір жетістігі – мешіт салып, оның жанынан балаларға жазғы сауықтыру лагерін құрған. Онда араб тілдері оқытылып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үйретілген.

Сонымен бірге орталық көп жылдан бері воркаут (дала гимнастикасы) өткізуге демеуші болып келеді. Ал екі жүзге жуық мүшесі бар жастар қанаты қоғам өмірінің белсенділері. Олар қайырымдылық іс-шаралары аясында жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіп отырады.  

Орталық Құқық қорғау органдарына этномәдени орталық мүшелерімен футболдан турнир өткізуге ұсыныс білдіріп, қолдау тауып отыр.

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штаб жетекшісі Наталья Карагеур Астана жастарының Жастар жылындағы стратегиялық бағыттарының үлгісін атап өтті.

Кездесу соңында бірқатар этномәдени орталық мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелік куәліктері тапсырылды және Сауытбек Абдрахманов этномәдени орталықтардың кабинеттерін аралап, жай-күйлерімен танысты.  

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға