Жаңалықтар

Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады
Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды
Фото: El.kz 23.08.2022 15:22 875

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Сауран көшесінің екі учаскесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 23-25 тамыз аралығында Сауран көшесін Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде және Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде толығымен жабу жоспарланып отыр.

« Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз» , - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға