Бүгін Эр-Рияд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF белбеуінің иегері, кубалық Уильям Скалл кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Канелоның жеңісімен аяқталды. Бұл 34 жастағы Альварестің кәсіпқой мансабындағы 64-ші жеңісі. Оның рекорды — 63 жеңіс, 2 жеңіліс және 2 тең нәтиже. Ал 32 жастағы Уильям Скалдың кәсіпқой көрсеткіші — 21 жеңіс және 1 жеңіліс. Кубалық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.
Осылайша, Сауль Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қайта иеленіп, бұл мәртебеге екінші мәрте қол жеткізді.
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі