Жаңалықтар

Сәуір айының басында күн жылынады

Сәуір айының басында күн жылынады
Фото: pixabay.com 31.03.2023 13:39 2086

"Қазгидромет" синоптиктері 1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің көп бөлігіндегіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады. Суық ауа массалары күндізгі уақытта біртіндеп жылынады.

Республиканың тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері белсенді фронтальды бөлімдері бар Оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша жел 15-25 м/с күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус үсік болады.

Ауа температурасы күндіз батыста және солтүстік-батыста 13-20 жылы, солтүстікте 7-15 жылы, еліміздің орталығында 10-20 жылы, шығыста 0-10 жылы, оңтүстік-шығыста 5-18 жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға