Жаңалықтар

Сауд Арабиясында «Томирис» атты тарихи фильмінің көрсетілімі өтті

Фильм дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды
Сауд Арабиясында  «Томирис» атты тарихи фильмінің көрсетілімі өтті
Фото: brod.kz 18.12.2022 12:30 1028

Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты. 

Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген. 

Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға