Жаңалықтар

Сәтпаевта полицейлер терезеден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Сәтпаевта полицейлер терезеден секірмек болған қызды құтқарып қалды
Фото: © Polisia.kz 20.05.2023 23:21 652

Сәтпаев қаласының полицейлері терезеден секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Белгілі болғандай, 20 мамыр күні полиция бөлімшесіне қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

 Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер терезенің жақтауында тұрған қыз баланы көреді.

Санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алдық,- дейді полицейлер.

Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтқан.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға