Жаңалықтар

Сәтбаевта «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

Сәтбаевта «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты
Фото: kazakhmys.kz 14.08.2023 16:37 878

14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшылардың наразылығына қатысты «Қазақмыс» ЖШС түсініктеме берді.

Мән-жайды анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық екенін жеткізді.

Кеншілер еңбек жағдайларын жақсарту, жабдықтарды жаңарту және еңбекке жарамсыздық пайызын 29 дан 50-ға дейін арттыруды талап еткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға