Қаныш Сәтбаев Университеті мен Гренобль политехникалық институты ғаламдық ынтымақтастық аясында келісім жасасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы аясында француз инженерлік және бизнес мектептері өкілдерінің Политехқа сапары нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандум екі университетке де кез келген жобаны бірлесіп әзірлеуге және оны дамытуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық қарым-қатынас оқытушылар мен студенттерді екі ел арасында өзара алмастырудан, ортақ инновациялық жобалар жасау мен басылымдарды бірлесіп шығарудан басталмақ.
Сәтбаев Университеті мен Гренобль политехникалық институты ғаламдық ынтымақтастыққа қол жеткізді
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды