Жаңалықтар

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашты

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашты
Фото: gov.kz 29.09.2023 04:24 619

Сәтбаев Университетінде М. Тынышпаев атындағы Көліктік инженерия және логистика мектебінің ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – оқытушылардың бай әрі мол тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистика саласына арналған ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы Сәтбаев Университеті ғалымдарының жетістіктерін біріктіретін жоғары оқу орны.

«Көлік» және «Логистика» білім беру бағдарламалары бойынша инженерлер даярлайтын жаңа мектепке қазақтың тұңғыш теміржол инженері, қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының премьер-министрі, Түркістан-Сібір магистралін жобалау және құрылыс жұмыстарына белсенді қатысушы М.Тынышпаевтың есімі берілді.

Мамандарды даярлау ісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін Сәтбаев Университеті Сиань теміржол кәсіптік институтымен (ҚХР) ынтымақтастық туралы келісімге отырды, Силезия технологиялық университетімен (Польша) бірлесіп, «Көлік технологиялары» мамандығы бойынша магистратураның екі дипломдық білім беру бағдарламасын ашты, сонымен қатар Темір жол көлігі институтымен (Рига, Латвия) консорциум құрылды.

Автомобиль және теміржол көлігі саласы үшін инженерлерді даярлауға арналған білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша халықаралық және отандық агенттіктермен сертификатталған: атап айтқанда, ASIIN (Германия), НКАОКО және НААР

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға