Жаңалықтар

Сәтбаев Университеті халықаралық байланыстарын нығайтуда

Сәтбаев Университеті халықаралық байланыстарын нығайтуда
Фото: gov.kz 17.11.2023 03:30 529

Сәтбаев Университеті халықаралық білім беру және зерттеу саласындағы өз миссиясын белсенді түрде жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін «Ғылымның өзекті мәселелері» атты VI халықаралық практикалық интернет-конференция аясында университет дүние жүзіндегі көрнекті білім беру және зерттеу мекемелерімен халықаралық байланыстарды кеңейтуге және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған он маңызды ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Сәтбаев Университеті мен Қытайдың төрт көрнекті техникалық колледжі: Ичун кәсіптік техникалық колледжі, Янчжоу политехникалық колледжі, Чжэцзян қаржы колледжі және Ішкі Моңғолия құрылыс техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ Сұлтан Идрис білім беру университетімен (Малайзия) және Universiti Sains Malaysia (Малайзия) университетімен келісім жасау туралы хаттарға, сондай-ақ Джокьякарта мемлекеттік университетімен (Индонезия) бірлескен зерттеулер мен басылымдар туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар Металлургия және байыту институты Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға, Гиредмет институтымен («Росатом», Ресей) ынтымақтастық туралы келісімге және Джокьякарта мемлекеттік университетімен (Индонезия) халықаралық лекциялық курсты жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған келісімдер өнеркәсіп пен технологияның әртүрлі салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, әрі олар Сәтбаев Университеті үшін техникалық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі басталғанын білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға