Жаңалықтар

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты
Фото: © Polisia.kz 10.11.2023 21:44 592

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты. Атылған ақбөкендерді қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында жасырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленіп отыр.

33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға