Жаңалықтар

Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген лейтенантқа сот үкім кесті

Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген лейтенантқа сот үкім кесті
Фото: коллаж El.kz 30.10.2024 12:30 1251

Алматы гарнизонының әскери соты биыл мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіров «билiктi асыра пайдаланғаны үшін» 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғам белсендісі Ринат Рафхат бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Әскердегі әлімжетіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп жазды ол.

Айыпталушы сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.

Еске салсақ, биыл 13 мамырда 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері 19 жастағы Досымжан Сәлімжан қайтыс болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға