Жаңалықтар

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек айтылды

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек айтылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 19.08.2024 02:13 912

Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады, - делінген Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға