Жаңалықтар

Сарыағашта болған шулы жағдайды білім басқармасының қадағалауға алды

Сарыағашта болған шулы жағдайды білім басқармасының қадағалауға алды
Фото: gov.kz 06.02.2024 03:33 543

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған мәселені Түркістан облысы білім басқармасы назарға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы жағдайды бақылауына алып, Сарыағаш ауданындағы жағдайға байланысты арнайы іс-сапармен келді. Мектеп ұжымы мен ата-аналармен кездесіп, екі жақтың уәжін тыңдаған.

Дүйсенбі оқушылар мен мұғалімдер мектепке келгеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен. Жедел-жәрдем шақырған соң 29 бала, 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып кеткен болатын.

Аураханаға жеткізілген барлық 29 оқушы, 8 мұғалімнің жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін, барлығы үйлеріне қайтарыллды. Ал қалған 2 ұстаз қазір ауруханада жатыр. Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтықта (онлайн) білім алатындығы туралы шешім шығарылғаны туралы хабарланды.

Сондай-ақ, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауында. Аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шаралар қабылданбақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға