Жаңалықтар

Сарыағаш көшелері қоқысқа толды

Сарыағаш көшелері қоқысқа толды
Фото: Видеодан алынған кадр 09.06.2023 15:45 1132

Түркістан облысының Сарыағаш ауданының орталығы Сарыағаш қаласында тұрғындар көшеде жатқан қоқыстың тазаланбайтынына ашулы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жергілікті халық аудан әкімдігі тиісті шаралар қолданбайтынына наразы. Әлеуметтік желіде таралған видеода қаланың қақ ортасындағы көшенің бойы қоқысқа толғанын байқауға болады. Одан қалды көшені жағалай қазылған арықты да шөп басып кеткен. Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Халыққа қызметке көрсету орталықтарының маңы да қоқыстан көрінбейді.

Видео авторы «әкім, тым құрыса, өзі жүретін көшені неге тазаламайды екен?» деп мысқылдайды.

Тұрғындар видеоның астына қарапайым жұмысты да істей алмайтын әкім жұмыстан кетуі керек деген пікір жазуда.

Ауданды Арман Абдуллаев басқарады. Ол бұл қызметке 2023 жылғы қаңтарда тағайындалған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға