Жаңалықтар

Сәрсенбіде бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбіде бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 23.08.2023 08:33 546

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсенбіде Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға