Жаңалықтар

Сарапшы: АӨСШК-тің аймақ қауіпсіздігінде маңызы зор

Бұл туралы белгілі сарапшы Қазыбек Майгелдинов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Сарапшы: АӨСШК-тің аймақ қауіпсіздігінде маңызы зор
Фото: ашық дереккөзден 12.10.2022 00:39 1632

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) 2022 жылы шақыру жөніндегі Қазақстан бастамасына 30 жыл толды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы белгілі сарапшы Қазыбек Майгелдинов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ертең осыған орай Астанада Саммит басталады. Құрамына 27 мемлекет кіретін ұйымның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысының бүгінгі таңдағы маңызы зор. Мұндай алаңды құруға бастаманы Қазақстан тура 30 жыл бұрын ұсынған. Қазіргі жан-жағымызда болып жатқан дүрбелең кезінде нақ осындай диалог алаңдарының қай-қайсысы болсын еліміз үшін геосаяси тұрғыдан алғанда тұрақтылығымыз бен тұтастығымызды сақтауға қосар үлесі зор - дейді сарапшы.

Ол осы ретте бір ай бұрын елімізде мемлекеттік іс-сапарымен болған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АӨСШК қызметін және Қазақстан төрағалығының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын жоғары бағалағанын атап өтті.

Си Цзиньпин ҚХР Қазақстанға АӨСШК Төрағасы ретіндегі басымдықтарды іске асыруда қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Қытай Халық Республикасы кеңес жұмысына белсенді қатысып, АӨСШК институттандыруына үлкен үлес қосты. 2014 жылдан 2018 жылға дейінгі төрағалық ету кезеңінде ҚХР бастамасымен Талдау орталықтарының форумы (кейінірек АӨСШК институттарының біріне айналды), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың форумы құрылды - деді Қазыбек Майгелдинов.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы алғанда, халықаралық аренада мемлекетіміз неғұрлым жоғары деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнату арқылы өз орнын шегелесе, соғұрлым кез-келген қауіптен алшақ болуға кепілдік алуға мүмкіндігі жоғарыламақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға