Жаңалықтар

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады
Фото: Коллаж El.kz 15.11.2023 13:18 1490

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк мәліметінше, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелердің дизайны өзгерген. 

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.

Халықаралық тәжірибеге сай банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. 

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына қарай қабылданады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкі арқылы банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және ұсақталуға міндетті.

Жаңа дизайндағы банкноталар айналымға шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар біртіндеп айналымнан алынады. Бұл кезең халыққа еш әсер етпейді.

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Сонымен қатар, Ұлттық Банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайтын болады.

Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноталардың 1 жыл қатар айналым кезеңін бекітеді. Ол қажеттілігіне қарай ұзартылуы мүмкін. Қатар айналым кезеңінде ескі және жаңа банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Олар барлық төлем мен аударымдар бойынша қабылданады. Олар Ұлттық Банктің, «Қазпошта» АҚ мен ЕДБ-нің барлық филиалдарында шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банк пен «Қазпошта» АҚ тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайтын болады. Осы 3 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің филиалдары ескі дизайн банкноталарын мерзімсіз айырбастауды жалғастырады!

Сақ стиліндегі жаңа купюралар айналымға шығады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға