Жаңалықтар

Сақ болыңыздар: Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Сақ болыңыздар: Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.03.2024 12:00 334

Бүгін Астанада жауын-шашын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында тұруға болмайды. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз, - делінген хабарламада.

 Төтенше жағдайлар кезінде 109 қызметіне хабарласу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға