Жаңалықтар

Сапасыз жолдың салдарынан апатқа ұшырасаңыз не істеу керек?

Сапасыз жолдың салдарынан апатқа ұшырасаңыз не істеу керек?
Фото: QazAvtoZhol 03.10.2023 12:50 723

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жол сапасының нашарлығы салдарынан апатқа тап болған жүргізушілерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет брифингінде журналистер «жол сапасының нашарлығы салдарынан жүргізуші жол көлік апатына тап болса мемлекеттен өтемақы ала алады ма?» деп сұрады.

Әрине, егер жол апаты тас жолдың сапасының қолайсыздығынан орын алған болса. Нәтижесінде жүргізуші жол апатына тап болып, оның алдын ала алмаған жағдайда сотқа бере алады. Бұндай жағдай бізде орын алған. Жүргізушілер көлігіне зиян келгені үшін компенсация ала алады, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға