Жаңалықтар

Сапасыз жолдарға қатысты мәліметті құпия түрде беруге болады

Бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып, әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады. 
Сапасыз жолдарға қатысты мәліметті құпия түрде беруге болады
Фото: el.kz 18.08.2022 07:30 922

Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлады EL.KZ.

Бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып, әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады. 

Бірақ бұл жерде қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін ескертемін. Қажет болса, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жасауға болады. Adildik.kz сайтына немесе «1463» call-орталығына хабарласуға болады - деді ол.

Adildik.kz сайтына сапасыз, шұрық-тесік жолдың фотосы мен видеосын жіберуге болады. 

Тіпті аты-жөніңізді айтпай, құпия түрде де шағым түсіре аласыз. Ең бастысы, ақауы бар жолдың нақты орнын жазып, фото немесе видеоайғақ салу қажет. Сол фото, видео арқылы мониторинг, тексеру жүргіземіз, - деді Дидар Смағұлов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға