Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Астанадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Санжар Тәшкенбай Астанадағы бокс кешінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 15.12.2023 19:51 683

Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде басталған бокс кешінде Санжар Тәшкенбай жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

51 келіде Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Ножиржан Мырзахметовпен жұдырықтасып,төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Енді 57 келіде Махмұд Сабырхан Куба боксшысы Освалдо Диазбен, 63,5 келіде Ертуған Зейнулин сербиялық Павел Федоровпен, 67 келіде Дулат Бекбауов Ресей спортшысы Агрба Харитонмен, 71 келіде Асланбек Шымбергенов кубалық Жорге Куэлармен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 80 келіде Бекзат Нұрдәулетов Ресей боксшысы Никита Зонмен және Нұрбек Оралбай нидерландтық Градус Крауспен өзара мықтыны анықтамақ. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов оңтүстікафрикалық Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасатын болды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға