Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады

Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады
Фото: Видеодан алынған кадр 02.06.2023 17:54 767

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесі Тәкен Тәшкенбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір, кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші, осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір! Екінші, ата-анамыздың арқасы, барлығыңызға жұғысты болсын! – деп жазды ол.

48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Өзбекстан астанасы Ташкенттен өткен әлем чемпионатында топ жарды.  

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем чемпиондарына 100 мың доллардан үлестірген болатын. Ал Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс еткенін мәлімдеген

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға