Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай 315 мың долларын қайда жұмсайтынын айтты

Санжар Тәшкенбай 315 мың долларын қайда жұмсайтынын айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2023 17:59 7926

Әлем чемпионы атанған 19 жастағы Санжар Тәшкенбайды жанкүйерлер әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Чемпион алғашқы сөзінде өзінің жеңісін қазақ жұртына арнайтынын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті. 

Енді олимпиадаға қатысу және салмақ ауыстыру ойда бар. Әр спортшының мақсаты спортқа келгенде әлем және олимпипда чемпионы болу ғой, – деді боксшы. 

Өзге де боксшылар салмақ ауыстырып, олимпиадаға баруды мақсат етіп отыр. Санжар енді 51 келіге ауысып, Сәкен Бибосыновпен таласып көрмек.

Әр спортшы олимпиадаға барғысы келеді. Рингте қарсылас, былай шыққанда аға-бауырмыз. Оны алдағы уақытта көре жатармыз, – дейді Санжар Тәшкенбай. 

Жеңісті ата-анасына, бауырларына, соның ішінде бүкіл қазақ жанкүйерлерге арнайтынын тағы бір мәрте тілге тиек етті. 

Ендігі жоспар дұрыстап дем алып, емделіп, алдағы жарыс додаларына дайындалу. Қытайда Азия ойындары күтіп тұр. Соған дайындық басталады. Жүлдемді ата-анама тапсырамын, – деді чемпион.

Санжар Тәшкенбайдың әкесі қуанышымен бөлісті.

Санжар Тәшкенбай 315 мың долларын қайда жұмсайтынын айтты

Көгілдір экраннан баламның жарысын тамашалап, жеңіске жеткен сәтін көргенде жүрегім жарыла жаздап қатты қуандым. Үш қыз, үш ұл тәрбиелеп отырмын. Құдайға шүкір, өте бақыттымын. Қазір қатты толқып, іштегі сезімді сөзбен жеткізе алмай тұрмын. Қазақтың сүйікті ұлы болып жүре берсін деймін, – дейді әкесі Тәкен Шалдыбаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Сондай-ақ, әкесінен ұлының алдағы уақыттағы жоспарын сұрадық. Айтуынша, оны ұлының өзі және бапкері біледі. Қазаққа қызметте етсе, «мен бақыттымын» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, 48 келіде әлем чемпионатының алтынына ие болды. 

Жеңіл салмақтың жүгін арқалаған боксшы іріктеу кезеңдерінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді.

Боксшы Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 мың доллар, Қазақстан бокс федерациясынан 100 мың доллар және ел үкіметінен 15 мың доллар сыйақы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға