Жаңалықтар

Сан-Марино құрамасы тұрақтаған қонақ үйге белгісіз біреу бомба қойылғанын хабарлаған

Сан-Марино құрамасы тұрақтаған қонақ үйге белгісіз біреу бомба қойылғанын хабарлаған
Фото: Видеодан кадр 17.11.2023 16:19 1028

Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Команда Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасымен кездесу үшін Астанаға келген. Шамасы біреу әзілдегісі келген болар, «қонақ үйде бомба бар» деп хабарлама жіберіп, қонақтардың барлығы эвакуацияланған.

Оқи отырыңыз:

Құраманың 23 ойыншысымен қатар техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Полиция толық тексеріс жүргізіп біткенше олар көшеде күтіп тұрған.

Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино арасындағы ойын бүгін кешке өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға