Жаңалықтар

Самұрық құстың костюмін киген оқушы көпшілікті таңғалдырды

Самұрық құстың костюмін киген оқушы көпшілікті таңғалдырды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 29.12.2023 18:32 929

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекеге Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласынан келген Ақерке Балымованың ерекше костюмі үздік деп танылды. 

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ мектебінде 6-сынып оқитын Ақерке костюмі қалай жасалғанын айтып берді.

Самұрық құстың басы алюминий сымнан, мегаплекстен, фоамираннан, ленталы паеткадан, сәндік тастардан, алтын түсті картоннан жасалған.

Самұрық жұмыртқасы гельді шардан, мегоплекстен, сәндік тордан және құрғақ алтын жалтырақтан жасалған.

Құстың қанаттары – үш өзекті сымнан, теплофлекстан, түрлі-түсті фоамереннан жасалған.

Көйлек партча матасынан, шілтерлі торлы материалдан, фоамираннан, қауырсындардан, сәндік тастардан тігілген.

Гетерлер сәндік тордан, жылтыр лентадан, ою-өрнектен жасалған.

Самұрық – қазақ мәдениетінде де, халқымыздың тарихында да елеулі орын алатын мифтік құс.

Аңыздарға сүйенсек, самұрық жұмыртқасынан қайта туылу мүмкіндігі бар құс, бұл біздің киіміміздің маңызды атрибуттарының бірі болып табылады. Самұрық жұмыртқасы қайта жандануды және болашаққа деген үмітті білдіреді.

Өзінің символдық күшімен самұрық құсы Қазақстанның мәдени және рухани ландшафтына сән беріп, байытады.

Ол әдемі қауырсындардан жасалған алтын төбемен безендірілген сұлу да, әдемі  басын жоғары ұстап, сол сұлулығын мақтанышпен көрсетеді.

Бұл жерде құстың басы – қазақ халқының ғасырлар бойы алып келе жатқан даналығын бейнелейді.  Ол жарық, отты қанатын әлемге, күнге кең аштынын айқындап тұр. Құстың қанаты  – біздің байтақ еліміздің ұлан-ғайыр кеңістігінің бейнесі. Самұрықтың құйрығы отты соқпақтай созылып, алтын сәулелермен жарқырап, күн нұрын шашып тұрғандай, халқымыздың тарихи жадын бейнелейді.

Қазақ халқында Самұрық құсы – барша тіршілік иесіне нұр мен жылу, өмір мен үміт сыйлаудың символы!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға