Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қоры Екібастұзда екі жаңа энергоблокты іске қосады

«Самұрық-Қазына» қоры Екібастұзда екі жаңа энергоблокты іске қосады
Фото: El.kz 25.11.2022 17:10 596

«Самұрық-Қазына» қоры екінші топтамасындағы 18 жобаның жетеуін электр энергиясын өндіруге арнады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанда энергия тапшылығының алдын алу үшін «Самұрық-Қазына» қоры еліміздегі энергияның барлық түрін: газ, көмір, ядролық және жаңартылатын түрін дамытуды жоспарлауда.

Атап айтқанда, Екібастұзда ГРЭС-2-де әрқайсысының қуаты 636 МВт көмірмен жұмыс істейтін екі жаңа энергоблок іске қосылады. Оған қоса жалпы қуаты 1100 МВт болатын таза көмір технологиясына негізделген екі энергоблоктан жаңа МАЭС-3 салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға