Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
16.03.2024 13:15
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрігінің мәліметінше, 58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ.
Іріктеу сынында отандасымыз Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді.
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Париж олимпиадасына дайындық барысы талқыланды
- Олимп жолы: Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Парижге барады
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

