Жаңалықтар

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанды

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі 11.11.2023 22:55 788

Самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

71 келі салмақта жетісулық Арнұр Қуатай 3-орын үшін өткен 10 минуттық белдесуде Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері Миндиа Лилвашвилиді ауырту әдісімен жеңді. Ол өткен жылғы әлем чемпионатында да үшінші орынға тұрақтады. 

Бұған дейін әлем чемпионатының финалында 50 келі салмақта белдескен Маргарита Бажаева күміс медальға ие болған еді. Ол шешуші бәсекеде өзбек қызы Гулсевар Ураковаға есе жіберіп алды. Сондай-ақ, 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңіп, 3-орынға ие болды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға