Жаңалықтар

ҰҚК Самат Әбіштің қайда екенін айтты

А. Әмірханов тергеу амалдары барысында С. Әбіштің күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.
ҰҚК Самат Әбіштің қайда екенін айтты
22.06.2022 11:42 957

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

–  Самат Әбіш тергеуде. Қазір ол жауап беріп жатыр. Оның мәртебесін білмеймін. Қаңтар оқиғасы кезінде ол жұмыста болған. Мен жеке оны өзім көрмедім. Бірақ тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Қазақстанда болуы керек, –деді Әмірханов. 

Алайда Әмірханов тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. Айта кетейік, Самат Әбіш Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Осыған дейін ол ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға