Жаңалықтар

Самат Әбіш елден қашып кетпек пе? Бас прокуратура мән-жайды айтты

Самат Әбіш елден қашып кетпек пе? Бас прокуратура мән-жайды айтты
Фото: Әлеуметтік желі 30.11.2023 17:33 1230

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Сол ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өз күшінде. Себебі ешқандай да бой тасалау немесе жауап беруге келмей жатыр деген фактілер жоқ, - деді Бас прокуратура өкілі.

Журналистердің "елден кетіп қалады деп ойламайсыздар ма?" деген сұрағына:

Тергеу органдарында оған ешқандай негіз жоқ, - деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.

Самат Әбіштің үстінен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын жасырмады.

Еске салайық, қыркүйекте ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үстінен "Қаңтар оқиғасы" кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға