Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қорының ел экономикасындағы үлесі азаяды

Айтуынша, енді қор ел экономикасындағы үлесін азайтатын болады.
«Самұрық-Қазына» қорының ел экономикасындағы үлесі азаяды
Фото: ОКҚ 15.09.2022 17:33 1380

«Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жаңа даму стратегиясын дайындағанын айтты, деп хабарлайды El.kz.

Айтуынша, енді қор ел экономикасындағы үлесін азайтатын болады.

«Самұрық-Қазына» қорының Қазақстан экономикасындағы үлесі 2032 жылға дейін кем дегенде 5%-ға төмендейді. Ол үшін компаниялардың басым көпшілігі IPO мен SPO-ға шығарылатын болады. Оның ішінде 3 жыл аралығында AirAstana, QazaqGaz, SamrukGreenGo, ҚТЖ, ҚМГ компанияларын IPO-ға шығару жоспарда бар», - деді Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ 2023 жылдан бастап таза табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударуды жоспарлап отыр.

«2018 жылдан бастап акцияның құны 13 есе өскенін атап өткім келеді. 2022 жылы 170 миллиард теңгені құрады. Енді қайырымдылыққа 183 миллиард теңгедей бөлінеді деп жоспарлануда», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы халыққа кеңінен ақпарат тарату мақсатында ipo.sk.kz. порталын іске қосты.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» алдағы 5 жылда стратегиялық холдинг болып қала береді. Бірақ кезең-кезеңімен инвестициялық холдинг моделіне көшуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға