Жаңалықтар

Салық мөлшерлемесін төмендетуді наурыз айының соңына дейін үлгеру керек – депутат

Салық мөлшерлемесін төмендетуді наурыз айының соңына дейін үлгеру керек – депутат
Фото: Мәжіліс 14.02.2024 13:00 354

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов мемлекеттік органдарды бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуді наурыз айының соңына дейін қабылдап үлгеруге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Менің депутаттық сауалым премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министріне және облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне жолданады. Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында бөлшек салығы режимін енгізу жөніндегі бастамасы кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысты көрсетіп, оны қамту аясын екі есеге кеңейту қажеттілігін атап өткен болатын.Кәсіпкерлерді қолдау бағытында болып жатқан жаңалықтардың бірі – Салық кодексіндегі бөлшек салық мөлшерін 4% дан 2% пайызға дейін төмендету мүмкіндігі 2024 жылдың 31 наурыз айына дейін берілген. Сонымен қатар бөлшек салығын қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді, - дейді Руслан Берденов.

Ол сондықтан жергілікті мемлекеттік органдарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету шешімін наурыз айының соңына дейін қабылдап үлгеруге шақырамын деп айтты.

Осы шешім еліміздің барлық өңірлерінде қабылданса келесі артықшылықтар туындайды деп отыр.

Біріншіден, еліміздегі 1,7 миллион астам  жеке кәсіпкерге, 440 000 шағын бизнес, 2800 орта бизнес өкілдеріне және 50 000 астам дүкендерге қолайлы салық ортасы қалыптасады.

Екіншіден, көлеңкелі экономика деңгейі төмендейді. Мысалы, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда бюджетке қосымша 2 триллион теңге түскенін білесіздер.

Үшіншіден, бүгінгі таңда салық мөлшерін төмендету туралы шешімді қабылдаған Астана қаласы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында бұл режимді  қолданатын кәсіпкерлер саны 2023 жылы 2151-ден астам болса, 2024 жылдың  басында  жалпы саны 6260-қа жеткен.     

Еліміздегі шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36%, ал дамыған елдерде 50-60% екендігін ескере отырып, осы мақсатқа жету үшін түбегейлі және батыл әрекеттер жасау қажет.Осы орайда заңда көрсетілген мүмкіндікті пайдаланып, барлық өңірлерде 2024 жылдың 31 наурыз айына дейін бөлшек салық мөлшерін төмендету бойынша шешім қабылдауға шақырамын, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға