Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: instagram.com/aitym 19.12.2023 12:20 1760

Астанадағы мейрамханалардың бірінде күйеуінің қолынан көз жұмған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов жан түршігерлік оқиғаға қатысты «Ертысбаев Live» youtube-арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың өмір бойы бас бостандығынан айыру қажет екенін айтты.

Мұндай адам бостандықта жүрмеуі керек. Бірнеше жылдан соң қайта бостандыққа шықса, тағы да ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Мұндай адам қоғам үшін қауіпті, - деді ол.

Оның айтуынша, қарындасын жуындыруға кірген кезде Салтанат Нүкенованың басында бірнеше тесік болған.

Бишімбаевтар отбасының қандай мүмкіндіктері бар екенін жақсы білеміз. Сол үшін суреттер өзімізде де болуы тиіс деп жуындыруға кірген кезде бүкіл денесін суретке түсіріп алдық. Бас аймағында үлкен тесіктер болды. Өз көзіммен көрдім. Денесінің барлық жері көгерген. Егер сот немесе тергеу экспертиза шешімімен келіспесек, онда біз осы фото-видеоларды шығарамыз, - деді Қайрат Нүкенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға