Жаңалықтар

Садыр Жапаровтың Тәжікстан президентімен бір үстелдің басына отырмағаны рас па?

Садыр Жапаровтың Тәжікстан президентімен бір үстелдің басына отырмағаны рас па?
Фото: wikimedia 10.05.2023 14:56 757

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Садыр Жапаровтың Мәскеуде ТМД елдерінің көшбасшыларына арналған бейресми асқа қатысқанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қырғызстан президенті Тәжікстан президентімен бір үстелдің басына отырудан бас тартқанын жазып жатыр.

8 мамыр күні Қырғызстан президенті ТМД елдерінің көшбасшыларына арналған бейресми асқа қатысқан болатын. Бұл туралы Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Қызыл алаңдағы шерудің ертеңіне қырғыз делегациясы Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесуге аттанған.

Султанбаев Садыр Жапаровтың Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен бір үстелдің басына отырудан бас тартқанын жоққа шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға