Жаңалықтар

Сабина Алтынбекова жетістігінің құпиясымен бөлісті

Сабина Алтынбекова жетістігінің құпиясымен бөлісті
Фото: instagram/altynbekova_20 06.12.2023 11:20 1003

Қазақстанды волейболшы Сабина Алтынбекова босанғаннан кейінгі кезең мен осы жылғы жетістігінің құпиясы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі көрікті волейболшы алдағы маусымға қойған жоспарын да жасырмады.

Баламды өмірге әкелген соң, үш айды араға тастап жаттығуға оралдым және aраб лигасының чемпионы атандым. Маусым мен үшін сәтті болды. Бастысы ең үлкен мотивациям әрі ең мықты жанкүйерім - ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындығымды бастап кеттім, оның да өте сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ, - деді спортшы.

Айта кетейік, қазақстандық көрікті волейболшы "Аль- Васл" клубының намысын қорғайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға