Жаңалықтар

Сабина Алтынбекова күйеумен арадағы жағдай туралы айтты

Сабина Алтынбекова күйеумен арадағы жағдай туралы айтты
Фото: instagram.com/altynbekova_20 20.05.2023 10:45 7076

Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының оқырмандарының бірі "Күйеуің қайда? Екі жаққа кеттіңдер ме?" деген сауал қойған. Бұған қатысты Сабина Алтынбекова жауап беріп "Ең өзекті сұрақтардың бірі. Бұл туралы кейінірек толығырақ айтып беремін", деп жұмбақтап жауап берді. 

2014 жылы Азияда ең келбетті волейболшы ретінде кең танылған С.Алтынбекова үш жыл бұрын кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққаны белгілі болған еді. 2021 жылы жұбайлар кішкентайлы болды. Былтыр волейбошы кәсіби мансабын жалғастыру туралы шешімге келген. Қазіргі уақытта спортшы БАӘ-нің "Әл Васл" клубының ойыншысы. Сондай-ақ, ол таяуда ғана әлемдегі ең бай волейболшылардың тізіміне қосылды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға