Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысының жұмысында спикерлер қоғам үшін аса маңызды тақырыптарды қозғап, талқыға салды. Олардың маңыздысы – «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігі, өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру.
Сондай-ақ, «Кедергіге жол ЖОҚ/НЕТ - барьерам» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша мониторинг тобының қорытындылары тыңдалды.Іс-шара соңында СҚО ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі Г. Мұсабаева медиация институтының облыстың қоғамдық келісім кеңестерімен өзара іс-қимылына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, олардың маңыздысы: ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға мүдделі аудандардың, ауылдық округтердің бастамашыл тұрғындардың қоғамдық келісім кеңесінің құрамына енгізу болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыруда Ассамблея аясында құрылған Қоғамдық келісім кеңестері маңызды рөл атқарады.