Жаңалықтар

Рыбакинаны АҚШ-та туған күнімен ерекше құттықтады

Рыбакинаны АҚШ-та туған күнімен ерекше құттықтады
Фото: Olympic.kz 18.06.2023 23:43 515

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны белгісіз адам АҚШ-тағы Таймс Сквер экранында ерекше құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Happy birhtday to Lena! Love from NYC!, - делінген жазбада.

Тосынсыйдың авторы белгісіз. Дегенмен бұндай құттықтаудың өзі арзан дүние емес екенін айта кеткен жөн.

Бұл ақпаратпен Рыбакинаның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Қандай керемет, рахмет!, - деп жазба қалдырды теннисші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға