Жаңалықтар

Рыбакина Уимблдонның ширек финалындағы жеңілісінің себебін түсіндірді

Рыбакина Уимблдонның ширек финалындағы жеңілісінің себебін түсіндірді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 13.07.2023 10:22 1123

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмағанын жазғанбыз. Ол ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы тунистік Онс Жаберге есе жіберді. Қазақстандық спортшы матчтың қиын болғанын мойындап, қарсыласының мықты тұстарын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Маған жиналған жанкүйерлердің басым бөлігі Онсты қолдағаны әсер еткен жоқ, бұл туралы ойламадым да. Әрине, оның қолдаушылары көбірек екені белгілі. Бұл жайт менің көңіл күйімді түсіріп немесе матчқа деген даярлығыма кері әсер етті деп айта алмаймын.

Онс ұтымды шешімдер қабылдай білді. Менде бұл жолы көптеген мүмкіндік болды, әсіресе екінші сетте, бірақ соққыларым әлсіздеу болды. Статистиканы әзірге көрген жоқпын, бірақ соққы менің басты қаруым еді, бүгін мен оны дұрыс пайдалана алмадым. Ал Онс өте жақсы ойнады, әсіресе шешуші сәттерде мінез көрсете білді.

Мен үшін турнирді чемпион ретінде бастау жаңа сынақ болды. Әрине, сезім мүлдем басқаша болады екен... Нәтиженің осындай болғанына қарамастан, бұл апталарды жақсы өткіздім, - деді Рыбакина.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға