Жаңалықтар

Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты

Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 11.07.2023 09:14 665

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға