Жаңалықтар

Рыбакина әлеуметтік желіде оқырманы көп спортшылардың үздік ондығына енді

Рыбакина әлеуметтік желіде оқырманы көп спортшылардың үздік ондығына енді
Фото: usopen.org 05.08.2023 21:47 171

Relevant Tennis Twitter парақшасы әлеуметтік желіде фолловері көп теннисшілердің үздік ондығын жасақтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рейтингте көшті тунистік Онс Жабер бастаса, екінші орында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек тұр. Ал үздік үштікті чехиялық Петра Квитова түйіндеді. 

Елена Рыбакина бұл тізімде сегізінші орында тұр. Оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 445 мың оқырманы бар. 

Әлеуметтік желіде танымал теннисшілердің толық тізім келесідей: 

1. Онс Жабер (Тунис) — 2,73 млн оқырман

2. Ига Швентек (Польша) — 2,18 млн.

3. Петра Квитова (Чехия) — 2,15 млн.

4. Кори Гауфф (АҚШ) — 1,55 млн.

5. Арина Соболенко (Беларусь) — 983 мың.

6. Мария Саккари (Грекия) — 807 мың

7. Каролин Гарсия (Франция) — 601 мың.

8. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 445 мың.

9. Джессика Пегула (АҚШ) — 202 мың.

10. Маркета Вондроушова (Чехия) — 173 мың.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға