Жаңалықтар

Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-үштікке кіреді

Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-үштікке кіреді
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі 08.06.2023 17:45 441

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке кіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.

Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға  6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңілді.

Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға