Жаңалықтар

Руслан Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

10.06.2025 15:44 1431
Руслан Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзіне қатысты уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Бос әңгіме. Ең алдымен, ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мен қазір демалыстамын. Маған тынығуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері бір күн де демалған емеспін. Өздеріңіз білесіздер, қызметтің ерекшелігі сондай, – деді ол.

Экс-министрдің айтуынша, ол қазіргі уақытта Астанада – әйелі мен балаларының жанында.

Сонымен қатар Жақсылықов жалған ақпарат таратқандарға қатысты құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді.

Мен бұл жалған, ар-намысыма нұқсан келтіретін ақпарат үшін құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүрмін, – деді ол.

Айта кетейік, 8 маусым күні Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды. Ал оның орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға