Руслан Берденовке оқ атылғанан кейін Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
21.04.2025 23:09
830
Шымкент қалалық полиция департаменті әкімдік ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылғаннан кейін ресми пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп жазылған ПД хабарламасында.
Полиция тарапы тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды