Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» орталығы ашылды

«Рухани жаңғыру» орталығы ашылды
04.01.2018 04:31 1650

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, 29 желтоқсан күні, республикамызда алғашқы болып, Алматы облысы Талдықорған қаласы, Жастар мәдени-демалыс паркінде бой көтерген мәдени-танымдық «Рухани жаңғыру» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Баталов Амандық Ғаббасұлы, басқарма басшылары, «Нұр Отан» партиясы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, Ардагерлер ұйымы, діни қызметкерлер, облыстық ЭМБ төрағалары, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және республикалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың бағыттарын іске асыру мақсатында ашылып отырған мәдени-танымдық «Рухани жаңғыру» орталығының ашылу салтанатында облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Дигай Дамир құттықтау сөз сөйледі.

Орталықтың лентасы қиылғаннан кейін көпшілік ғимаратпен танысып,  көрме залын тамашалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға