Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа сапалық мазмұнмен толықты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа сапалық мазмұнмен толықты
26.04.2019 00:00 2806

Достық үйінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға жастарды тарту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жастар арасындағы кездесуді «Nur Otan» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының бірлесуімен Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды.

Іс-шараға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, «Jas Otan» жастар қанатының және Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жастары қатысты.

Қалалық Ассамблея Хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгокова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Ассамблея маңызды рөл атқарып отырғанына тоқталып, 29 сәуірде мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде орын алатын маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтетінін айтып өтті.

«Бүгінгі дөңгелек үстелде айтылатын ұсыныстар жаңа серпін беретініне сенімдімін, бәрімізге ортақ жобаны әзірлейтініміз сөзсіз», – деді Г. Тойгакова.

2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі құрылып, жұмысын бастаған болатын.

Астаналық әкімдіктің ғимаратында орналасқан жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескертпелерді қабылдап, бағдарламаны іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  

Өткен жылы жобалық кеңсе «Жас дипломат» жобасын әзірлеп, көпшіліктің назарына ұсынды. Оны жүзеге асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі, қала әкімдігі, дипломатиялық корпус жұмылдырылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен жоба табысты болды.

«Бұл жобаға қатысуға Түркия, Жапония, Корея, Польша, Грузия. Бразилия, Германия елшіліктері өтініш беріп, мектептер олармен өзара ынтымақтаса жұмыс істеді. Оның аясында түрлі танымды іс-шаралар өткізілді. Дипломаттар мектептерде дәріс оқып, оқушыларды Елшілікке шақырып, мәдениеті мен тарихтары туралы мәліметтермен бөлісті. Бұл жобаны бұдан әрі жалғастыруды ұсынып отырмыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бағдат Ақылбекова.

Кеңсе жетекшісі шағын қалаларда, аудан орталықтарында фестивальдер ұйымдастыруды ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырып отырған жұмыстарының барысымен қалалық «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Бағдәулет Жанділдаев пен Қазақ технология және бизнес университетінің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Кәмила Күлбаева таныстырып өтті.

Қалалық «Jas Otan» жастар қанаты бәсекеге қабілетті етуге бағытталған «Полит-бастау» және «Жасақ юниверсити» жобасын іске асырып отыр. Қазіргі уақытта «Құс жолы» жастар экспедициясы жасақталып жатыр. Онда жеті экспедициялық топ құрылып, екі жүз қырық төрт қасиетті орынға бару көзделген.

Сонымен қатар қалалық украина және өзбек этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының жетекшілері Анастасия Тимощенко-Боровикова мен Сардор Юлдашев орталық жастарының «Рухани жаңғыру» бағдараламасын жүзеге асыруға қатысты «PRодвигай себя» жобалары туралы әңгімеледі.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға