Жаңалықтар

Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің пікірі
Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту
13.04.2017 17:50 12113

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты пікірін білдірді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады», – деп ағынан жарылды Мәжіліс төрағасы.

Н. Нығматулин атап өткендей, біз технология, инновацияға басымдық бере отырып экономика мен құрылыс инфрақұрылымдарын дамытып қана қоймай, халқымыздың рухани байлығы туралы ұмытпауымыз керек, себебі оның кез келген халықтың өсіп өркендеуінде алатын орны баға жетпес.

Мәжіліс Спикері  Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту жобасы деп атады.

«Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды.  Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдімін», – деп түйді Н. Нығматулин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға