Жаңалықтар

Роналдудың ұлы «Әл-Наср» клубымен келісімшартқа отырды

Роналдудың ұлы «Әл-Наср» клубымен келісімшартқа отырды
Фото: «Әл-Наср» клубының баспасөз қызметі 21.10.2023 02:00 564

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшар жасасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Криштиану Роналдудың 13 жасар ұлы клубтың 13 және 15 жасқа дейінгі жастар құрамында ойнайтын болады.

Оған әкесіне сияқты 7-нөмір берілді. Атақты футболшының ұлы «Әл-Наср» үшін алғашқы матчын 20 қазанда өткізеді.

Бұған дейін жас Роналду өзінің футбол мансабын испаниялық «Позуэло» клубында бастады. Онда ол екі жыл ішінде 55 гол соқты.

Содан кейін ол туриндік «Ювентуске» ауысып, 28 матчта 58 гол соғып, 18 пас берді.

Жас футболшының соңғы клубы ағылшынның «Манчестер Юнайтеді» болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға